Ссылки доступа

Өзбекстан «экономикасы репрессивті» елдер тізімінде


The Heritage Foundation  Қоры мен The Wall Street Journal басылымы «Index of Economic Freedom 2016»  деп аталатын жыл сайынғы әлемдегі экономикалық еркіндік рейтингін жариялады.

Әлемнің 178 елін қамтыған рейтингте Өзбекстан 166-шы орынға жайғасқан. Өзбектанның алдында Кирибати (165), Чад (164), Конго (163), Украина (162) және Түркіменстан (174) секілді елдер тұр.

Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда Өзбекстанның көрсеткіштері нашарлап, 160-шы орыннан 6 саты төмен түскен. Елдің жалпы бағасы 47 ден 46 бөлікке төмендеді. Қор Өзбекстанды «экономикасы репрессивті» дейтін елдер тізіміне қосқан. Былтырғы рейтинг бойынша да ел осы топта болған еді.

Рейтингті құрастырушылар елдегі сот билігі президентке бағынышты екенін, сот істерінің халықаралық талаптарға сай өтпейтінін, ықпалды тұлғалардың теріс істері үшін жазасыз қалатынын жазады. Мемлекеттің қаржы саласына жөн-жосықсыз араласатыны да ескерілген.

Өзбекстан мен Түркіменстаннан өзге Орталық Азия республикалары «репрессивті экономика» тізіміне енбеді. Тәжікстан Қор рейтингінде 149-шы, Қазақстан – 68, ал Қырғызстан – 96-шы орында тұр.

XS
SM
MD
LG