Ссылки доступа

Тәжік рэп орындаушылары


Тәжікстандағы ондаған рэп орындаушы шығармашылықпен ғана күн көре алмайды. Shon MC секілді рэперліктен табыс тауып жүргендері саусақпен санарлық.

Көпшілігі қосымша жұмыс істеп нанын табуға мәжбүр. Мәселен тәжік рэп жұлдызының бірі автобуста кондуктор боп істейді.

Билік рэпті өнегесіз сауық ретінде таниды. Былапыт сөздер қолданатын рэп орындаушылар жастарды теріс тәрбиелейді деген пікірмен рэп орындаушыларға телеарналар мен радиостансалардың есігі жабылған. Көшелерде олардың концерттік жанрамаларын ілуге де рұқсат жоқ.

Билік музыканттарға мәселені шешу үшін, елдің жазушылар Одағына мүшелікке өтуді ұсынып отыр. Мәтіндеріне үлкен өзгеріс енгізбеуге, тек былапыт сөздердің болмауын қадағалауға уәде етуде. Ал Одақтың кей мүшесі рэп орындаушыларға шығармаларын тәдік классиктерінің мәнерінде орындауға кеңес береді.

XS
SM
MD
LG