Ссылки доступа

Башқұртстанда транссексуал Анжела Ликина қатыгездікпен өлтірілді


Башқұртстан астанасы Уфада төлқұжаты бойынша Олег Воробьев боп табылатын транссексуал Анжела Ликина кісі қолынан өлді.

Ликинаның туыстары мен полиция қызметкерлерінің айтуынша, транссексуал ондаған пышақ жарақатынан көз жұмған. Күдікті есебінде Воробьевтің бұрынғы әйелінің досы ұсталған.

Төлқұжаты бойынша Олег Воробьев боп табылатын Анжела Ликина ең алғаш, 2014 жылы интернеттегі оның көлігін тоқтатып, түрі әйелге ұқсайтын жанның ер адамның атындағы жүргізуші куәлігін көргендегі полицейлердің әсері бейнеленген бейнероликтің арқасында көпке танылған еді.

Ресей мен КСРО бұрынғы республикаларында сексуалды азшылық өкілдері үнемі зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Ресей талаптары мен міндеттері нақты белгіленбеген «дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттауға тыйым салу» туралы заңды қабылдағаны үшін сынға ұшырап отыр.

XS
SM
MD
LG