Ссылки доступа

 Қырғызстанның ІІМ әлеуметтік желідегі даулы фотоға түсініктеме берді


ІІМ баспасөз қызметі есектің басын ұстап түскен қыздың суретін таратқан адамның Қырғызстаннан тыс жерде тұратынын хабарлады.

Министрлік келтірген дерек бойынша, 2016 жылы 1 ақпанда «Компромат кг» дейтін қолданушы «Фейсбукте» есектің кесілген басын ұстап тұрған түрі азиат әйелдің суретін жариялаған.

Сурет бірден пікірталас тудырып, бірнеше интернет-басылымдардың жаңалықтарында жарияланды. Елдегі қоғамдық тамақтану орындарында тағы да есектің етін сатады деген болжам жасалды.

Милиция қызметкерлері бұл суретті алғаш «В Контакте» әлеуметтік желісіне 2016 жылдың 29 қаңтарында Арман С. есімді Қазақстан азаматының салғанын анықтаған. Алайда суреттің қайда түсірілгені беймәлім қалды.

2015 жылы Қырғызстанда қоғамдық тамақтану орындарында есек етінің сатылуы мүмкін екені туралы дау шығып, тіпті есектерді арнайы етке өсірген бірқатар ферма анықталған еді.


XS
SM
MD
LG