Ссылки доступа

Ұлыбритания СІМ басшысы Ресейді Сирияны бөлшектеуге көмектесуде деп айыптайды


Ұлыбританияның сыртқы істер министрі  Ресейдің Сириядағы мақсаттарының тазалығына тағы күмән келтірді.

Жоғары лауазымды дипломат Ресей Башар Ассадқа Сирияның солтүстік-батысында алавиттердің шағын мемлекетін құруға көмектесуде деп санайды.

Британ сырты істер министрі Филипп Хаммонд: «Ресей шын мәнінде бейбіт келісімді қалай ма әлде оны Сирияның солтүстік-батысында алавиттердің шағын мемлекетін құруға көмектесу арқылы, Ассадқа әскери жеңіс әпермек ойы бар ма?», - деп мәселені төтесінен қойды.

Ол Кремльдің өзіне қатысты «қауіпті жалған ақпар» таратты деген айыптауларымен келіспеді. Дүйсенбіде Хаммонд Ресей өз әрекетімен Сириядағы қақтығысты одан әрі шиеленістіруде деген болатын. Сейсенбі күні министр Ассадтың қарсыластарын бомбаның астына алып жатқан Мәскеу өзін үнемі бейбітшіліктің жақтаушысы ретінде көрсете алмайды деп мәлімдеді.

Ұлыбритания сыртқы істер министрінің осы пікірлеріне сүйене отырып, британдық The Guardian газеті бұл жағдайды Владимир Путиннің Сириядағы әрекеттеріне қарсы батыс елдеріндегі наразылықтың күшейіп келе жатқанының белгісі ретінде жазады.


XS
SM
MD
LG