Ссылки доступа

Рамзан Қадыров өкілеттілігінің мерзімі аяқталғанын ұмытып кетіпті


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өкілеттілік мерзімінің біткенін журналистерден білгенін айтады.

Жаңа мерзімге сайлауға түсу туралы Қадыров әзірге ойланбағанын айтып, өзінің Инстаграмында "мұндай мәселеге көңілін бөлгісі келмейтінін" мәлімдеді. Ол республика басшысына үміткерді бірінші кезекте Ресей президенті таңдауы тиіс деп санайды.

Рамзан Қадыров Шешенстанды 2007 жылдың наурызынан бері басқарып келеді, оның өкілеттілігі сәуірдің 5-де бітеді.

Шешенстан Конституциясына 2012 жылы енген өзгеріске сәйкес, республика басшысына үміткерлерді саяси партиялар ұсынады, ал сайлау қыркүйектің 18-де өтуі тиіс.

Соңғы кездері Қадыров оппозиция атына бірнеше мәрте жағымсыз сөздер айтқан еді. Қаңтардың 12-де ол оппозиционерлерді "халықтың жаулары" және "сатқындар" деп атады. Қаңтардың 31-де Инстаграмда Михаил Касьянов пен Владимир Кара-Мурзаны мерген мылтығының оптикалық нысанасына алған секілді түсірілген бейнероликті жариялады. Еуроодақтың Ресейдегі елшісі Вигаудас Ушацкас ресейлік билікті шешен басшысының мұндай сөздері мен қылықтарына тойтарыс беруге шақырды.





XS
SM
MD
LG