Ссылки доступа

Түркия ресейлік журналистер үшін виза енгізеді


2016 жылдың 15 ақпанынан бастап, Түркия ресейлік журналистер үшін визалы жүйе енгізеді.

Бұл жөнінде "Интерфакс" Түркияның Ресейдегі елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды. Бұл талап Ресейдегі барлық БАҚ-қа қатысты болмақ. Оның ішінде алты айдан аз уақытқа іссапармен барушылар да виза алатын болады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ресей Түркияға визасыз жүйені тоқтатты.

Ресей мен Түркия қарым-қатынасы ресейлік Су-24 жойқын ұшағын Түркия тарабы атып түсіргеннен кейін бірден суыды. Анкараның ұстанымы бойынша, ресейлік ұшақ Түркия әуе кеңістігін бұзып өткен. Мәскеу барлық айыптарды жоққа шығарып, Түркияға санкция енгізді. 2016 жылдың 30 қаңтарында Түркия СІМ ресейлік Су-34 жойқын ұшағы тағы да әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG