Ссылки доступа

Туу туралы куәліктер Неке куәлігіне айналып кеткен


Ресейге ұшар алдында шекара пунктерінен өтер кезде, ата-аналар балаларының туу туралы куәліктерін көрсеткен кезде, шын мәнінде онда кішкентай шрифтермен «Неке туралы куәлік» деген жазулар жазылған.

«Тек бір ғана Жалал-Абад облысында 8 мыңға жуық туу туралы куәлікті ауыстыру керек. Ол үшін ата-аналар жарамсыз құжатты өткізулері керек», - дейді Жалал-Абад қалалық азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің жетекші маманы Нурия Азимбаева.

«Бізге 2012-2013 жылдары туған балалардың туу туралы куәліктері келіп түсті. Құжаттар «Учкун» баспасында басылған. Олардың сапасы нашар болғаны үшін қайта ауыстыруды қажет етеді. Жалал-Абад облысында сондай 8,2 мың туу туралы куәлік берілген. Шетелге шыққан ата-аналарға қиындық туады. Олар құжатты ауыстырулары керек. Адамдар бұл жағдайға түсіністікпен қараулары керек», - дейді Нурия Азимбаева

Қырғызстан бойынша 40 мыңға жуық жарамсыз құжат берілген. Бұл дерекке қатысты Бас прокуратура қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG