Ссылки доступа

Түркіменстан доңыз тұмауымен күресіп жатыр


Жыл басынан бері Түркіменстанда доңыз ауруынан 10 адам көз жұмған.

Әсіресе тұмау індеті елдің шығысында орналасқан Лебап елдімекенінде кең қараған деп жазады «Түркіменстан хабары».

Мамандар вирус елге Түркия мен Ресейден келді деп болжайды. Бұл елдермен күніне екі рет ұшақтар қатынайды.

Мектептер мен балабақшаларда тұмау індетінің алдын алу үшін көбінде оксолин жақпа майын қолданып жатыр. Сондықтан дәріханаларда тұмауға қарсы дәрілер жетіспей жатады екен.

Еске сала кетейік, бүгінде Түркіменстан әуежайында келушілерді бірінші кезекте доңыз тұмауына тексереді. Алдын елдің денсаулық сақтау министрлігі елде доңыз тұмауы қаупі жоқ деп мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG