Ссылки доступа

Өзбекстандық әнші Тамила Қазақстанға көшіп келді


Даулы видеодан кейін ән айту лицензиясынан айырылған әнші Эсмеральда Рахматова (Тамила) Өзбекстаннан Қазақстанға көшіп келген. Осылай деп Qalampir өзбек сайты жазады.

Аталған сайтттың жазуынша, әнші барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастаған.

Алдын «Узбекнаво» эстрадалық бірлестігі шетелдерде өнер көрсеткен «ұятсыз видео» үшін Тамиланың халық алдында шығып өнер көрсету құқығынан айырған.

Әңгіме жеке бейнежазбаға қатысты. Смартфонға түсірілген бейнежазба Telegram мен Whatsapp-та пайда болған.

Sayyod.com сайтына берген сұхбатында өзбекстандық әнші Тамила бейнежазба жеке өзіне қатысты болғанын, оның интернетке қалай түсіп кеткенін түсінбейтінін айтқан.

XS
SM
MD
LG