Ссылки доступа

Женевадағы келіссөздердің іркілуіне Ресейдің де кінәсі бар


Құрама Штаттар Сирия бойынша женевалық бейбіт келісімдердің іркілуіне кінәлілердің бірі ретінде Ресейді айыптап отыр.

Мемлекеттік департамент өкілі ресейлік ұшақтардың көтерілісшілердің шептерімен қоса, Сирияға гуманитарлық көмек жеткізілетін жолдарды бомбалауын, БҰҰ өкілі Стефан де Мистураны сәрсенбі күні конференция жұмысына «үзіліс» жариялауға мәжбүр еткен жайттардың бірі ретінде атады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джон Кирби: «Біз Алеппо мен оның төңірегіндегі қалалардың ресейлік әуе шабуылының астында қалғанын көріп отырмыз. Бұл шабуылдар ИМ-ге емес, оппозицияға қарсы бағытталған. Әуе соққыларынан кейін бейбіт тұрғындардың қаза тапқаны және босқындар санының көбейгені туралы хабар тарады.», - деді. Оның айтуынша, ресейлік әуе соққыларының нәтижесінде гуманитарлық көмек жеткізу тоқтап, жазықсыз адамдар өліп жатқан кезде Женевадағы бейбіт келісімдерді жалғастыру, бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік департамент өкілі Ресей тарабына қақтығысты Сирияның біртұтастығын сақтайтын және билікке ел тұрғындарының мүддесінен шығатын үкіметтің келуін қамтамасыз ететін жолдармен шешуді жақтайтын өз мәлімдемесін еске салды. Кирбидің сөзінше, Ресейдің әуе соққылары бұл елдің міндеттемелеріне кереғар келуде.

XS
SM
MD
LG