Ссылки доступа

Оқушы қыз рэп орындаушының шығармасын Мандельштамның өлеңі деп оқып берген


Хабаровскілік оқушы Анастасия Ан сабақта рэпер Оксмиронның "Переплетено" әнінің бір шумағын Осип Мандельштамның өлеңі ретінде оқып берген.

Бұл оқиғаны Анастасияның сыныптасы видеоға түсіріп, твиттерге жариялаған. Кейінірек видеоның түпнұсқасы өшірілгенімен, Youtube қызметінде оның көшірмелері сақталып қалды.

Хабаровскідегі №5 гимназия оқушысының әдебиет сабағында рэп орындаушының шығармасын өлең есебінде оқып бергені бейнеленген беййнероликпен мыңдаған адам бөліскен. Анастасия Анның сыныптасы осы өлең үшін мұғалім оған "бес" қойғанын жазады.

Оқушы қыз өзінің аккаунтында "директор мен білім министрлігі мұғалімді ***** не істейсің?"деген сұраққа "бірде бір заң немесе мектеп жарғысында мұғалім барлық ақынның шығармасын жатқа білуі тиістігі туралыы жазыылмағанын" алға тартып, жауап берген.

Видео жарық көргенге дейін Анастасия Ан мектебіндегі білім беру деңгейіне көңілі толмайтындықтан,ешкімге мұнда оқуға кеңес бермейтіні туралы жазған.

XS
SM
MD
LG