Ссылки доступа

Конституциялық сот Тәжікстан Конституциясына енген өзгерістерді қуаттады


Конституциялық сот мақұлдаған өзгерістер Тәжікстан президенті, ұлт Көшбасшысы Эмомали Рахмонға өзін ел басшысына үміткер ретінде шексіз ұсынуға мүмкіндік береді.

Келесі бір түзету бойынша, президентке үміткерлердің жасына байланысты шектеулер 30 жасқа дейін төмендетілді. Бұл Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Рустам Эмомалидың 33 жасында 2020 жылғы президент сайлауына қатысуына жол ашады.

Сот «өзгерістер мемлекет пен қоғамның дамуының қазіргі кезеңіне сай келеді және конституциялық құрылымды күшейтуге бағытталған», сонымен қатар «тәжік қоғамының саяси және әлеуметтік өмірін демократияландыру үрдісін көрсетеді»,- деп тапқан.

1994 жылы қабылданған Тәжікстан Конституциясына екі мәрте түзету енгізілді. 2003 жылғы өзгерістер президент Эмомали Рахмонға билік басында екі жетіжылдық мерзімге – 2020 жылға дейін қалуға мұрсат етті.

XS
SM
MD
LG