Ссылки доступа

Қырғызстанда әрбір бесінші бала суицидке жақын


Қырғызстанның білім және ғылым министрлігі әлеуметтік педагогтардың 2015 жылғы баяндамасының нәтижесін талдап, елде әрбір бесінші бала өзіне қол жұмсауға жақын деген шешімге келген.

Ал бұл уақытта Талас облысының 7 сынып оқушысы өзіне қол жұмсап бұл дүниемен қоштасқан. Бұл жөнінде облыстық ІІБ мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 3 ақпанда сағат 17.00 – 18.00 шамасында орын алған. Қазіргі кезде құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның себебін зерттеп, баланы өлімге не итермелегенін анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған баланы арнайы лицейдің қызметкері өзіне тәрбиелеуге алған. Оның анасы болмаған, ал әкесі жөнінде ешнәрсе айтылмайды.

XS
SM
MD
LG