Ссылки доступа

Бердымухамедов батыс құндылықтарын еске алды


Түркіменстанның жаңа Конституциясының жобасы таяу күндері халықтық талқылауға шығарылады деп хабарлайды «Түркіменстан хабар» басылымы.

Президент Гурбангулы Бердымухамедовтың ұсынысы бойынша, Негізгі заңда көппартиялылық пен саяси плюрализмді нығайтпақшы. Президенттік республика басқару формасы өзгертілмейді. Егер мемлекет басшысы елді басқаруда қабылетсіз болған жағдайда, келесі президент сайланғанша, ел тізгіні парламент төрағасының қолына өтеді.

Сарапшылар Ата заң бұл жолы өте мұқият қаралауы мүмкін деген ой атады. Себебі, Бердымухамедов өзіне демократиялық лидер деген имидж жасағысы келеді, Батыс елдерінен энергетикалық салаға инвестиция тартқысы келеді дейді.

Конституияның жаңа жобасына сәйкес, Түркіменстан бейтараптылық мәртебесін сақтап қала береді.

XS
SM
MD
LG