Ссылки доступа

Қырғызстанда "Дэдпул" фильмі прокаттан алынып тасталды


​Америкалық режиссер Тима Миллердің комедиялық фантастика, жауынгерлік, Marvel Comics Дэдпул комиксіне негізделген "Дэдпул" фильмі қырғыз прокатынан алынып тасталған.

Бұл жөнінде "Синематика" кинотеатрлар желісі Facebook парақшасына жариялаған.

"Себебі құпия, оны жариялауға рұқсат етілмейді. Тек біз еліміз үшін қолымыздан келгенше, барын істеуге тырыстық. P. S. Фильм сонымен бірге өзге кинотеатрларда да көрсетілмейді", - делінген хабарламада.

Фильмнің премьерасы АҚШ-та 9 ақпанда көрсетілмек. Ал Қырғызстанда 11 ақпанда көрсетіледі деп жарнамаланған еді.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың сәуірінде "44- нөмір" фильмі де Қырғызстан және өзге ТМД-ның бірқатар елдерінде прокаттан алынып тасталған болатын.

XS
SM
MD
LG