Ссылки доступа

Өзбекстанда ірі банктің басшысы тұтқындалды


Ташкентте Өзбекстандағы ірі банктің бірі «Асаканың» басқарма басшысы Кахрамон Арипов тұтқындалды.

Өзбек прокуратурасы қазір банкке ревизия жүргізіп жатыр, тұтқындалудың себебін әлі түсіндірмеді. Алайда банк қызметкерлері Кахрамон Ариповке қарсы шетел валютасын заңсыз айналымға енгізді деген айып тағылуы мүмкіндігін айтады.

Өзбекстанда осыған дейін «Ипотека» банкінің басқарма өкілдері валютаны заңсыз айналымға түсіріп, тұрғындарға, таныстарына сатты деп айыпталып, ұзақ мерзімге сотталған болатын.

Өзбекстанда өзбек валютасының құнсыздануы – валюталық алаяқтардың көбеюіне әкелген.

Негізінде барлық банктерде шетел валютасы айырбасымен айналысатын арнайы адамдар болады. Олар өздерінің адамдарына валютаны мемлекеттік бағам бойынша сатады. Ал сатып алушылар, оны «қара базарға» шығарады. Сатудан түскен пайданы, бұл іске қатысы бар барлық адамдар бөліседі деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасап, Азаттықтың өзбек қызметі.

XS
SM
MD
LG