Ссылки доступа

Азия фильмдерінің ішінде қырғыз картинасы үздік деп саналды


Қырғыз кинорежиссері, сценарист Дәлмира Тілепбергенованың «Асман алдында» («Аспан астында») фильмі Бангалордағы (Үндістан) халықаралық кинофестивальде екі бірдей жүлдені жеңіп алды.

Бұл жөнінде Кинематографтардың даму қоры мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, қырғыз кинокартинасы «Азияның үздік фильмі» номинациясын алған. Сонымен бірге НЕТПАК (Азия киносын алға жылжыту желісі) сыйлығын иеленген.

«Аспан астында» фильмі Орталық Азияның шалғай ауылында қайталанатын Інжілдегі Қайын мен Авеле туралы әңгіменің заманауи түрі.

Авторлық фильм екі ағайындының қарым-қатынасы жайында. Өзімшіл Керим мен кішіпейіл Аман, анасы мен ауылдың қарапайым қызы Салтанат жөнінде. Екеуі де Салтанатты жақсы көреді. Фильм махаббат, сатқындық, жоғалту, адалдық жайында айтады.

Еске сала кетейік, фильмнің премьерасы 2015 жылдың жазында көрсетілді. Канадада өткен халықаралық Монреаль кинофестивалінде картина «Қазылар алқасының арнайы жүлдесін» иеленген.

XS
SM
MD
LG