Ссылки доступа

Ресейде ИМ мүшелері болуы мүмкін делінген бірнеше адамдар ұсталған


Ресейдің арнайы қызметі Екатеринбургте «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымының мүшелері болуы мүмкін деген жеті адамның ұсталғанын хабарлады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі жеті адамның өткен жексенбіде ұсталғанын, олардың бәрі Орталық Азиядан шыққанын айтады.

Ресей арнайы қызметтің мәліметінше, ұсталғандар Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Свердловск облыстарында жарылғыш заттар қолдану арқылы теракті жасамақ болған. Топты Түркия арқылы Ресейге келген ИМ мүшесі басқарған делінген арнайы қызметтің мәлімдемесінде.

XS
SM
MD
LG