Ссылки доступа

Тәжікстанда байланыс қызметін тұтынушылар қысқарған


Тәжікстанның байланыс қызметі өткен жылы елде мобилді байланыс пен интернетті пайдаланушылар саны бірден қысқарған деп мәлімдеді.

Бүгінде мобилді байланысты қолданушылар 1 миллион 200 мыңға, интернетті пайдаланушылар 800 мыңға қысқарған.

Байланыс қызметі басшысының орынбасары Татьяна Холмуродова бүгінде кабелді интернетті қостырғандар саны 3 миллион адам, бұл былтырғымен салыстырғанда 800 мың адамға кем деп хабарлады.

Холмуродованың сөзінше, елінде 11 миллион сим-карт тіркелген, бірақ оның белсенді тұтынушылары 5 миллион 200 мың адам ғана.

Ал өткен жылы мобилді телефонды белсенді қолданушылар саны 6 миллион 400 мың адам болған екен.

Татьяна Холмуродованың пікірінше, сұраныстың төмендеуі елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты.

XS
SM
MD
LG