Ссылки доступа

Атай Омурзаков пен "Тұмар ҚР" "Британия таланттарды іздейді" телешоуына шақырылды


Қырғызстандық Атай Омурзаков пен "Тұмар ҚР" тобы "Британия таланттарды іздейді — 2016" (Britain's Got Talent 2016) телевизиялық шоуына шақырылды.

Осылай деп Омурзаков Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды.

"Біз қазір Лондонда, Ұлыбританиядамыз. 5 жыл бойында армандаған жобаға қатысу үшін келіп тұрмыз. Біз сахна алдындамыз. BGT, 2016", -деп жазады Омурзаков.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың қаңтар айының соңында Атай Омурзаков пен "Тұмар ҚР" тобы Парижде өткен Du Cirque de dimain халықаралық фестивалінде қола жүлдені иеленген.

Онда қырғызстандықтар "Оркестрді" сахналаған. Қазылар алқасы Қырғызстаннан келген жастардың өнері шынайы болды деп бағалаған.

XS
SM
MD
LG