Ссылки доступа

Ыстықкөл милициясы параға ет алады


Ақсу ауданының милиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды қылмысқа қатысың бар, сондықтан қамаймыз  деп қорқытып, 50 мың сом талап еткен.

Бұл туралы республиканың МҰҚК жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Азаматтан ондай ақша табылмаған соң, милиционерлер қорасындағы қодасын сойғызып, етін алып кеткен. Бұл жайт бойынша «Лауазымын теріс пайдалану» және «Қызметтік лауазымын асыра пайдалану» баптарымен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG