Ссылки доступа

АҚШ: Ресейдің саясаты жаңа «қырғи-қабақ» соғысқа әкелуі мүмкін


АҚШ Ұлттық барлау қызметінің басшысы Джеймс Клэппер Ресейді "сыртқы саясатта жауласуын" одан әрі де ұстануды жалғастырады деп санайды.

Клэппердің сөзінше, Ресей НАТО-ны ата жауындай көреді және Мәскеудің Америкамен тайталасуы жаңа «қырғи-қабақ соғысқа» әкелуі мүмкін.

Бұл туралы Клэппер Конгрессте 9 ақпанда жасаған баяндамасында мәлімдеді. Ол 2016 жылы Ресей Украинаның Батыспен жақындасуына кедергі жасауын жалғастырады деп санайды. Сонымен бірге, ресейлік билік Мәскеудің басқаруындағы Еуразиялық экономикалық одақ аясын кеңейту мақсатында, көрші елдерге қысым көрсете береді деп бағалайды.

Құрама Штаттар алдындағы қауіп-қатер туралы айта келе, Джеймс Клэппер ресейлік «агрессиялық» саясаттан бөлек, ішкі терроризм, "Ислам мемлекеті" радикалды тобы (Қазақстанда тыйым салынған), КХДР-дың ядролық қаруға ұмтылуы, кибершабуылдар секілді жайтарға тоқталып өтті. Америкалық барлау қызметінің жетекшісі: "50 жылдан астам барлауда жүрген кезімде бірден осыншама қауіп пен дағдарыстармен бетпе-бет келген өзге жағдай есімде жоқ", – деп тұжырды.

XS
SM
MD
LG