Ссылки доступа

Бішкекте құрылыс айласы әшкере болды


Қырғызстанда Бішкекбасархитектураның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жөнінде елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті жанындағы Коррупцияға қарсы қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, 2011 жылдың ақпан айында басқұрылыс кеңесінің отырысында Раззаков көшесінде салынатын құрылыс нысанының алғашқы жобасы нақтыланған. Алайда, 9 қабаттық тұрғын үй салуға рұқсат берілген жерге 12 қабаттық тұрғын үй салынған.

Мұнан өзге, инженерлік жүйенің техникалық талаптар жаңартылмаған әрі тиісті мемлекеттік органдардың қорытынды құжаттары болмай шыққан. Үйді салған кезде, өрт сөндіру машинасының кедергісіз өту жолдары қаралмаған.

Аталған дәйектер бойынша, Қылмыстық кодекстің «Лауазымды қызметін асыра пайдалану» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG