Ссылки доступа

Ресейдің қару-жарақ тиелген ұшағы Қырғызстанға қонады


Бүгін "Манас" әуежайына Ресейдің қару-жарақ тиелген жүк ұшағы қонады.

Бұл жөнінде Қырғызстанның Қарулы күштерінің Бас штабы мәлімдеді.

Әскеи көмек Қырғызстанның Қарулы күштерін модернизациялау және елдің қорғану күшін нығайту жоспарына сәйкес жүзеге асып жатыр екен.

Алдын республика ҚК Бас штабы 2014-2015 жылдарға арналған әскери техниканы Бішкек қабылдады деп мәлімдеген болатын.

Ресей өз кезегінде Қырғызстанға бір миллиард доллардан аса қаражатқа әскер көмек беретінін айтқан.

XS
SM
MD
LG