Ссылки доступа

Бір жылдың ішінде 10 мың Өзбекстан азаматы АҚШ-қа виза алған


2015 жылы АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігі 10 мың 500 өзбекстандыққа америкалық виза берген. Осылай деп мәлімдеген Өзбекстандағы АҚШ елшісі Памела Спратленнің сөзінше, бұл көрсеткіш алдыңғы жылға қарағанда әлдеқайда көп.

Америкалық виза алған өзбекстандықтардың дені студенттер, туристер және бизнес өкілдері.

Памела Спратленнің айтуынша, өткен жылдан бері АҚШ елшілігі виза беру жүйесіне жеңілдік жасады. Егер бұрын виза алу үшін 3 апта күту керек болса, қазір 1 аптадан кейін виза алады.

1996 жылы Green Card-ты 300 адам ұтып алатын болса, қазір жыл сайын 5 мыңға жуық Өзбекстан азаматы америкалық миграциялық виза – Green Card-тың иегері атанады екен.

XS
SM
MD
LG