Ссылки доступа

Ресей Сирияға қатысты бітім жоспарын ұсынады


АҚШ билігінің мәлімдеуінше, Ресей Сирияға қатысты бітімгерлікті бастау күні ретінде 1 наурызды ұсынады. Ал Вашингтон болса, шабуылда дереу тоқтатсылсын деген талап қояды.

Ақ үйдің болжамы бойынша, Ресей мен Сирия басшысы Башар Асад режимі үш аптаның ішінде жаппай шабуылды бастап, көтерілісшілер басып алған негізгі аумақты қайтарып алуды көздейді.

АҚШ соғысты дереу тоқтатып, гуманитарлық көмек көрсету өкілдеріне жолды ашуды талап етеді.

Ресми Дамаскіге қайтарып алуды көздейтін Сирияның оңтүстігі мен шығысы батыс елдері мен АҚШ және Түркия қолдау білдіретін оппозицияның бақылауында.

БҰҰ жанындағы Ресей елшісі Виталий Чуркиннің сөзінше, бүгінде Мюнхенде Мәскеу мен Вашингтон Сириядағы соғысты тоқтатуға қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Осы аптада АҚШ пен Ресей және тағы басқа елдердің өкілдері Бавария астанасындағы жыл сайынғы конференцияға қатысып, қауіпсіздік мәселесін талқылауда. Күн тәртібінде - Сириядағы соғыс.

XS
SM
MD
LG