Ссылки доступа

Мәскеу сауда павильондарын сүріп жатыр (видео)


Мәскеу билігі сүрілетін нысандардың тізімі тағы да кеңейуі мүмкін дейді.

Мәскеуде метро аялдамалары жанындағы павильондарды бұзу салдарынан 2 мыңға жуық адам жұмыссыз қалған. Осылай деп қалалық сауда және қызмет көрсету департаментінің басшысы Алексей Немерюк мәлімдеді. Ол сүрілетін нысандардың тізімін тағы да ұзартуымыз мүмкін деді. Қалалық думаның мүшелерінің бірі «қара тізімге» ілінген нысандардың барлығын сүретін болса, 15 мың адам жұмыссыз қалады дейді.

Мәскеуде сейсенбіге қараған түні метро аялдамалары жанындағы жүзге жуық сауда нүктесін сүрген. Билік мұны өздері салып алған нысандар қала тұрғындарына қауіпті деп түсіндіреді. Мәскеу мэрі Сергей Собянин сүрілген павильондар 90-жылдардың басында салынғандығын айтады. Ол сүрілген орындарға жаңа ғимараттар салынады деді.

(Біздің жазылушыларымызға логотипсіз видео ұсынамыз: https://rfeftp.rferl.org/?ShareToken=83F7726AEE4C07A04E552BF211705405C1493B2A)

XS
SM
MD
LG