Ссылки доступа

Ташкентте адам саудасымен айналысқандар сотталды


Өзбекстанда 2013–2015 жылдар аралығында өзбек азаматтарын заңсыз жолмен Қазақстан мен Ресейге жөнелтіп келген қылмыстық топ мүшелері сотталды.

Топтағы төрт адаманың әрқайсының өз міндеті болған. Атап айтқанда Фазлиддин Хусанов басқа елде жұмыс істегісі келгендердің тізімін жасаған. Ол жазған журналда мигранттардың аты-жөнінен бөлек, адамдардың қашан кетіп, қай уақытта жеткені туралы мәліметтер көрсетілген. Ол сонымен бірге, қылмыстық топтың есебін жүргізген. Негізінен Ферғана өңірінен келген адамдарды астанада жинаумен Ташкент ІІББ кезекші бөлімінің бұрынғы қызметкері Кобил Толипов айналысқан.

Бұл топ 2013-тен 2015 жыл аралығында шетелге жүздеген мигрантты заңсыз жолмен жөнелту арқылы көп пайда тапқан.

Мигранттардың соңғы легі 2015 жылдың мамырында Қазақстанға жеткізілген. Сол кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері Толипов пен оның төрт сыбайласын ұстап, адам саудасының бір арнасын жапқан еді. Сот барысында сотталушылардың бәрі кінәларын мойындады. Барлығы Өзбекстанның әкімшілікі және қылмыстық заңдарына сәйкес жауапқа тартылды.

XS
SM
MD
LG