Ссылки доступа

Вашингтон Сириядағы атысты дереу тоқтатуды ұсынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сириядағы атысты тоқтатуға байланысты қайшылықтарды жою үшін Мюнхенде келіссөздер өткізуде.

Бұл кездесу америкалықтар мен ресейлік тарап өкілдері қоршаудағы Алеппо қаласындағы бейбіт тұрғындар тұратын аудандарды бомбалауға қатысты бір-бірін айыптап жатқан жағдайда өтуде.

Ресей оқ атуды наурыздың бірінен бастап тоқтатуды ұсынады, бірақ Вашингтон бұл мерзім Мәскеу мен сириялық билікке көтерілісшілерді басып-жаншу үшін тағы үш апта мүмкіндік береді деп санайды. АҚШ оқ атуды дереу тоқтатуды талап етеді.

Мюнхендегі кездесу алдында Керри қандай да бір келісімге келу мүмкіндігі туралы болжам жасаудан бас тартқан еді. "Біз Сирияға қатысты өте байсалды келіссөздер өткіземіз, –деді ол. – Біздің гуманитарлық көмек жеткізу мен оқ атуды тоқтатуды көздейтініміз белгілі. Біз қақтығыстың барлық бөлігі туралы сөйлесеміз ".

Лавров Ресейдің "нақты" ұсыныс жасап қойғанын және оны 20 елден тұратын Сирияны қолдау Халықаралық тобына таныстырар алдында америкалықтардың «жауабын» күтетіндерін айтты.

XS
SM
MD
LG