Ссылки доступа

Тәжікстан конституциясына енгізілетін 40 түзету жарияланды


Тәжікстанда ел конституциясына енгізу ұсынылған өзгерістер мен түзетулердің толық тізімі жарияланды.

40 бөлімнен тұратын жобаның ішінде тек бір ғана бөлім қызу талқыға түскен.

Әңгіме Тәжікстан президентін сайлау тәртібін анықтайтын 65 бап туралы. Парламент депутаттары бұл бапқа елдің қазіргі басшысы Эмомали Рахмонға өмірінің соңына деййін президент болуға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізуді көздейді.

Түзету жобасындағы мәтінде: "Аталған баптың төртінші тармағындағы шектеулер бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысына жүрмейді", – деп жазылған.

Тәжікстандағы келесі президент сайлауы 2020 жылы өтеді. Былтырғы жылдың аяғында Ұлт көшбасшысы атағын алған Эмомали Рахмон екінші мәрте президенттік өкілеттілігінің аяқталып келе жатқанына байланысты, қазіргі заңға сәйкес, келесі сайлауға қатыса алмайды.

Алайда жаңа түзетулер қабылданған жағдайда, ол өзі саясаттан кеткенге дейін шексіз мәрте сайлауға түсу құқығына ие болады.

65 бапқа қатысты екінші түзету де қызу талқылануда. Ол бойынша тәжік депутаттары президент тағына үміткерлердің жасына байланысты шектеулерді 35 тен 30-ға дейін төмендетуді ұсынады. Бұл Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Рустам Эмомалиға келесі президент сайлауларында өзін ұсынуға мүмкіндік береді. 2020 жылы мемлекеттік қаржы бақылауы және жемқорлықпен күрес Агенттігінің қазіргі басшысы және Тәжікстан футбол федерациясының президенті Рустаму Эмомали 33 жаста болады.

XS
SM
MD
LG