Ссылки доступа

Тәжік имам-хатибтары ИМ-ге қарсы уағыз айту үшін мигранттарға барады


Ресейде жақын уақытта Тәжікстанның Ислам орталығының өкілдігі ашылады.

Бұл туралы Тәжікстанның Ислам орталығының жетекшісі Саидмукаррам Абдулкодирзода хабарлады. Оның айтуынша, өкілдік Ресейдегі тәжік мигранттарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, түрлі террорлық және экстремистік ұйымдарға еріп кетпеуі үшін оларды “шынайы исламмен” таныстырмақ.

ТИО ашылатыны туралы хабар Ресейдің еуропалық бөлігіндегі мұсылмандардың Рухани басқармасы мен Ресей мүфтилері Кеңесінің төрағасы Равил Гайнутдин Тәжікстанның Ресейдегі елшісі Имомуддин Сатторовпен осындай өкілдіктің қажеттігі туралы әңгімесінен бір тәулік өткенде пайда болды. Ол сонымен бірге, Тәжікстанның Ислам орталығына танымал дін өкілдерін тәжік мигранттары көп тұратын ресейлік қалаларға да жіберуді ұсынды.

Тәжік билік орындары Сирия мен Иракта ИМ жағында соғысып жатқан тәжіктердің басым бөлігі мигранттар арасындағы эмиссарлардың ықпалына түскендер екенін мәлімдеген еді. Ресми дерек бойынша қазір ИМ содырларының ішінде мыңға жуық тәжік бар. Бөтен елдегі соғыста Тәжікстанның 148 азаматы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG