Ссылки доступа

Украина тағы 15 ресейлік телеарнаның көрсетілуіне тыйым салды


Украинада 11 ақпаннан бастап "Совершенно Секретно", "Кухня ТВ", "Авто плюс", "Боец", "Шансон ТВ" және "Наука 2.0" секілді 15 ресейлік телеарнаны кабель арқылы көрсетуге тыйым салынды.

Бұл туралы Украинаның телевизия мен радио хабарларын тарату жөніндегі Ұлттық кеңесінің сайтында жазылған.

Бұған жарнама туралы заңның бұзылғаны мен Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін тұлғалардың аталған арналардың эфирінде көрсетілуі себеп болған.

Украинада 2014 жылдан бері ресейлік арналардың басым бөлігін көрсетуге тыйым салынған. Сонымен бірге "ресейлік әскери және арнайы қызметтердің күшін "мадақтайтын фильмдер мен Ресейдің Украинаға қатысты саясатын қолдайтын, оның ішінде Қырымды басып алуды жақтаған ресейлік мәдениет, өнер қайраткерлерінің шығармашылығын көрсетуге де болмайды.

XS
SM
MD
LG