Ссылки доступа

Түркіменстанға Қытайдан Иранға бағыт алған алғашқы поезд жетті


Ukraine, Crimea - Simferopol railway station, 14May2015
Ukraine, Crimea - Simferopol railway station, 14May2015

Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағыты бойынша тұңғыш сынақ түріндегі контейнерлік поезд түркіменнің Серхетяк стансасына келіп жетті.

Бұл туралы «Хроника Туркменистана» басылымы хабарлайды. Қытай-Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағытының жалпы ұзақтығы 10 мың шақырымға жуық, жолға шамамен екі апта уақыт кетеді, бұл 25-30 тәуліктік теңіз бағытына қарағанда орташа екі есеге қысқа.

Мұндай көлік-транзитті дәліз халықаралық Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол бағытын салғанның арқасында пайда болды. Жолды 2014 жылдың желтоқсанында Түркіменстан президенті Гурбанғұлы Бердымұхамедов, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран басшысы Хасан Роухани ашқан еді.

XS
SM
MD
LG