Ақ үйдің баспасөз қызметі Обаманың Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтатуда Мәскеудің сындарлы саясатының маңыздылығын баса айтқанын хабарлайды.
Украин мәселесі туралы сөз қозғалғанда Обама ресейшіл жікшілдердің Минск келісімдерін орындауға міндетті екенін атап өткен. Ол Украинаның шығыс бөлігінде ЕҚЫҰ талаптарына сай келетін сайлау өткізу туралы тезірек келісімге келуді жақтайды.
Кремльдің баспасөз қызметі телефон байланысы америкалық тараптың бастамасымен болғанын хабарлады. Сонымен бірге қос президенттің Украинаның шығысында атысты тоқтатып және гуманитарлық көмек көрсету мәслелеріне қолдау білдіргенін, президент Путиннің Сирияда ортақ антитеррорлық майдан құруға шақырғанын жеткізді.