Ссылки доступа

Орталық Азия елдері ішінде ең қымбат бензин Тәжікстанда


Орталық Азиядағы бес елдің ішінде ең қымбат бензин Тәжікстанда екен.

АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі Түркіменстанда 27 АҚШ центі тұрса, Қазақстанда 35 цент, Өзбекстанда 37, Қырғызстанда 44 цент, ал Тәжікстанда 65 цент тұрады.

Сапасы жоғары АИ-95 маркалы бензиннің бір литрі Түркіменстанда 28 цент тұрады. Қазақстан мен Өзбекстанда 38 цент шамасында, Қырғызстанда 49, ал Тәжікстанда 69-70 центке бағаланады.

Осылайша Тәжікстан жанар-жағармай бағасының қымбаттығы бойынша аймақта бірінші орында.

Солярканың құны Түркіменстанда 25 цент, Қазақстанда 28 цент, Өзбекстанда 36, Қырғызстанда 42 цент болса, Тәжікстанда 60 центті құрайды.

Тәжікстанның энергетика министрлігі жағдайды Ресеймен байланыстырады. Ал монополияға қарсы мекеме жанар-жағармайдың қымбаттығын тасымалдауға байланысты дейді. Энергетика министрі Усмонали Усмонзоданың айтуынша, бензиннің 90 пайызы Ресейден әкелінеді екен.

XS
SM
MD
LG