Ссылки доступа

Түркіменстанда президент мерзімін ұзартпақшы


Бұл туралы елдегі мемлекеттік БАҚ хабарлады. Заңдарға өзгеріс енгізу жобасы президенттік мерзімді бес жылдан жеті жылға ұзартуды және жасы 70-тен аспаған адамның ғана Түркіменстан президенті бола алатыны туралы норманы алып тастауды қарастырады.

Бұл түзетулер қабылданған жағдайда ол өзгеріс соңғы 9 жыл бойы Түркіменстан президенті боп келе жатқан Гурбангулы Бердімұхамедовтың билігін күшейтеді деген болжам бар. Бес жылдық президенттік мерзімінің өкілеттілігі келесі жылы аяқталатын 58 жастағы Бердімұхамедов 2017 жылы өтетін сайлауда тағы да сайлануы мүмкін.

Түркіменстан конституциясына өзгертулер енгізу бастамасынан бес күн бұрын көрші Тәжікстанда заңнамаға өзгеріс енгізуге байланысты референдумның өтетін күні белгілі болды. Жаңа өзгерістер Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға президент сайлауларына шексіз қатысуға құқық береді.

XS
SM
MD
LG