Ссылки доступа

Қырғызстан әскері рейтингтегі орнын сақтап қалды


Қырғыз қарулы күштері GlobalFirepower ұйымының әскери қуаттылық туралы әлемдік рейтингіндегі 126 елдің ішіндегі 78-і орнын сақтап қалды.

GlobalFirepower мәліметінше, Қырғызстанның 6 миллион адамының 3 миллион 377 мыңы әскери қызметке жарамды.

Қырғызстандағы тұрақты әскери қызметкер саны 16,5 мың, резервтегілер - 10 мың. Елдің әскери бюджеті 240 миллион доллар. Республикада 28 аэродром бар.

Қарулы күштердің әскери-техникалық бөлігі 150 танк, 478 дана БТР, ЖБМ, 30 Өздігінен жүретін артиллериялық құрылғы, 21 жаппай оқ атудың реактивті жүйесі, 159 зеңбірек және 6 тікұшақтан тұрады.

Рейтингтің көшбасында АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея, Германия, Жапония және Түркия тұр.

ТМД елдері арасында Украина 25-ші орында, одан кейін Беларусь, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Тәжікстан жәнеТүркіменстан тұр.

XS
SM
MD
LG