Ссылки доступа

Қырғызстанда ресейлік насихаттың ықпалы күшті


2015 жылы Қырғызстанда ресейлік насихат ықпалы жоғары күйінде қалды. Бұл туралы  бітімгершілік және медиатехнологиялар Мектебінің сарапшылар тобы дайындаған «БАҚ, интернет және қоғамдық дискурстағы араздық тілі -2015» атты зерттеуінде айтылды.

Зерттеушілер өткен жылы Қырғызстанның медиа кеңістігі мен аудиториясына әсер еткен үш негізгі жайтты анықтаған.

«Біріншіден, бұл бұрын-соңды байқалмаған қорқыныш сезімінің өсуі. Рейтингтер БАҚ және интернет басылымдарында ксенофобия, исламофобия және гомофобияға қатысты материалдар көп тарай бастағанын көрсетеді»,- дейді зертттеу авторлары.

Мұның Сириядан Еуропаға қашқан босқын санының көбеюі, қырғызстандықтарды «Ислам мемлекеті» қатарына тартуға тырысу жайттары, жергілікті тұрғындардың босқындар мен шетелдіктерді жек көруінің асқынуы секілді факторлармен тікелей байланысты екені көрсетілген.

Әрі қарай зерттеуде: «Екіншіден, ресейлік насихат ықпалы күшті күйінде қалуда. Үшіншіден, желідегі агрессия ауқымы кеңейіп, интернетте кемсіту тілі басым бола бастаған. Троллинг кәсіби түрде дамып, қолданушылар маңызды мәселелерді талқылағанда түрлі ауыр сөздерден бастап, жауыздыққа, қатігездікке шақыратын ұрандарды қолдануға көшкен, бұл қоғам мен осы сөз авторлары үшін ауыр зардаптар әперуі мүмкін», - делінген.

XS
SM
MD
LG