Ссылки доступа

Тәжікстанда белгілі полковник түрмеге түсті


Тәжікстанның оңтүстігіндегі Кулябта көпшілікке "Рустами Кәлла" («Рустам-Бас») деген атымен жақсы таныс полковник Рустам Темуров ұсталды.

Куляб прокуратурасы құдыреті күшті полковник Рустам Темуровқа қарсы қылмыстық іс қозғалғанын, қазір ол жергілікті тергеу абақтысында отырғанын хабарлады.

Милицияның бұрынғы шенеунігіне Тәжікстан ҚК 250 бабының 4 тармағы бойынша «қауіпті қайталау түріндегі бопсалау» дейтін айып тағылған. Бұл бап бойынша айыпталған адамды он бестен жиырма жылға дейін соттап, мүлкін тәркілейді.

Радио Озоди қылмыстық іс бір топ азаматтың өздерінен 200 мың доллар бопсалағанын айтып, Рустам - Кәллаға қарсы шағым түсірген соң қозғалғанын хабарлайды.

Рустам Темуровтың аты 80-ші жылдары Куляб облысында жергілікті мемлекеттік мекемелердегі ірі қылмыстардың бетін ашқан соң кең танымал болған еді.

XS
SM
MD
LG