Ссылки доступа

Өзбекстандағы армян фермерінің адвокатын лицензиясынан айырды


Жизақтық ұлты армян фермер Арамаис Авакянның қорғаушысы қазір байланысқа шықпайды, бірақ қос бірдей дереккөз адвокаттың лицензиясынан айырылғанын хабарлады.

Бұл туралы ең алдымен феермердің анасы Флорка Сакунц мәлімдеді. 16 ақпанда ол «адвокат Алим Ачилұлы Кабиловты жұмысынан қуып жібергенін» айтты. Ол адвокаттың өзінің ұлын қорғағаны үшін лицензиясынан айырылғанына сенімді.

Тәуелсіз өзбек журналисі Улықбек Хайдаров жизақтық фермердің адвокатымен телефон арқылы сөйлескенде заңгер өзін лицензиядан айырғанын растаған, бірақ себептерін айтқысы келмеген. Жизақтық фермердің зайыбы Шырын Тұрсынова адвокаттың өзі осылай боларын болжағанын айтады.

Бұл орайда «Арменпресс» агенттігінің фермер Авакянның 14 жылға сотталғаны туралы ақпараты расталмады. Сот шешімі әлі шыққан жоқ.

33 жастағы балық шаруашылығының қожасы Арамаис Авакян мен оның төрт қызметкері 2015 жылы 4 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Кейінірек оларды Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік Қызметінің өкілдері ұстап, қамағаны белгілі болды. Олар бірқатар қылмысқа қатысты және «Ислам мемлекеті» террорлық тобымен байланысы бар деп айыпталды. Одан бөлек, Арамаис Авакян мен оның достарына 1980 жылы салынған жерасты құбырларын ұрлап-сатты деген айып тағылды.

Авакянның туыстары бұл жағдайға фермердің балық шаруашылығына қызыққан жергілікті биліктің қатысы бар деп санайды. Олардың айтуынша, Жизақ облысы Пахтакор ауданының басшысы Гафур Каршибаев фермердің бизнесін заңсыз жолмен тартып алмақ болып, екеуінің арасында текетірес туған.

XS
SM
MD
LG