Ссылки доступа

Обама: Ресей Сирияда қателік жасап жатыр


Ресей Сирияда Башар Асад режимін қолдап, стратегиялық қателік жасап жатыр деп мәлімдеді АҚШ президенті Барак Обама. Оның сөзінше, Ресей Сирияны "батпаққа батырып" жатыр.

Барак Обама Сирияда Владимир Путиннің бәсекелеспейтінін атап өтті. "Мынадай нақты сұрақ қойғым келеді, Ресей толықтай күйреген елдің билігін қолдау мақсатында миллиардтаған долларды не үшін жұмсап жатыр?",— деді Обама.

Ол Сирияға үнемі шабуылдау Ресейге өте қымбатқа түсетінін ескертті. "Ел аумағының төрттен үші әлі бе Башар Асадтың бақылауында емес және бұл жақын арада өзгермейді",— деді Барак Обама.

АҚШ президенті Сирияда келісімге келудің қиындыққа тап болуына Кремльдің де кінәсы бар екенін айтты. Егер Ресей шабуылын жалғастыра беретін болса, Сирия оппозициясы да соғысты тоқтатпайды деп ескертті АҚШ президенті.

XS
SM
MD
LG