Ссылки доступа

Президент ұлының спорттағы тағы бір лауазымы


Тәжікстанның Мемлекеттік қаржыны бақылау және коррупцияға қарсы күрес жөніндегі агенттік төрағасы және Тәжікстанның Футбол федерациясының президенті Тәжікстан президентінің үлкен ұлы Рустами Эмомали Азиялық олимпиада кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Бұл жөнінде Олимпиада комитетіне келген Азиялық олимпиада кеңесінің төрағасы шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабоның ресми хатында жазылған.

Еске сала кетейік, Тәжікстанның Футбол федерациясының есеп беру конференциясында Рустами Эмомали тағы да ТФФ президенті болып тағайындалды.

XS
SM
MD
LG