Ссылки доступа

Анкарадағы жарылыстан 28 адам қаза тапты


Сәрсенбі күні Анкараның орталығында көлікте жарылыс болып, соңғы мәлімет бойынша 28 адам қайтыс болған, 60 адам жарақат алған.

Бұл жөнінде премьер-министрдің орынбасары Нуман Куртулмуш хабарлады. Бірнеше көлік жарылып кеткен. Алдын қаланың губернаторы Мехмет Кылычлар шабуыл әскер мінген автобусқа жасалуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Жарылыс әскери күштердің штаб-пәтері орналасқан ауданда болған әрі ол маңда әскерилердің жатақханасы да бар. Жақын маңда парламент ғимараты мен үкіметтік мекемелер орналасқан.

Оқиғадан кейін ел президенті Реджеп Эрдоган Әзербайжанға сапарын, ал Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Белгияға сапарын тоқтатты. Премьер-министрдің орынбасары Бекир Боздаг Твиттер желісіне жарылысты теракті деп атады.

Өткен жылы Анкарада қазан айында болған жарылыста жүздеген адам қаза тапқан еді. Түрік билігі бұл жарылысқа жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымына артқан болатын.

XS
SM
MD
LG