Ссылки доступа

"Бірінші канал" қырғыз батырын көрсетті


Әлеуметтік желілерде Ресейлік "Бірінші каналдың" Мәскеу метросындағы қызды құтқарған оқиғаға байланысты сюжетіне айтылған сындардан кейін, жаңа репортаж әзірлеп, онда қызды құтқарған қырғыз азаматын көрсеткен.

Сюжеттің бірінші нұсқасында метро рельсіне құлаған қызды құтқарған деп тек полицей Артём Королюктің аты-жөнін атаған. Ал қырғыз жігіті Марат Исаевтың аты-жөні кадрдан тыс қалып қойған.

"Қызық, құтқарған екеу еді, біреуі қайда?...", - деген пікір қалдырады сюжеттің астына Алексей Клоков деген көрермен.

"Неге құтқарған екінші қырғыз жігіті жайында көрсетпейсіңдер, тобырдың арасында жалғыз өзі көмекке ұмтылды", - деп атап өтеді Лариса Никифорова және өзге де пікір білдірушілер.

Нәтижесінде бірнеше сағат өткеннен кейін журналистер қайтадан сюжет әзірлеп, кадрде қырғыз жігіті Марат Исаев бар репортаж көрсетеді.

XS
SM
MD
LG