Ссылки доступа

США: Ресей Сирияға шабуылын бәсеңдетпеді


АҚШ-тың әскери қолбасшылығының өкілі, Ресей осы аптада келіссөз күшіне енгеніне қарамастан, Сирияға әуе соққысын бәсеңдетпеді деп мәлімдеді.

Ресей, АҚШ, Түркия және өзге де мемлекеттер 18 ақпаннан бастап шабуылды тоқтату жөнінде келісімге келген болатын.

АҚШ-тың Бағдадтағы қарулы күштерінің өкілі, полковник Стив Уоррен "Ресейдің әуе шабуылының бәсеңдегені байқалмайды және сириялық режимнің де шабуылдарының азайғаны көрінбейді, керісінше шабуылдар жиілеп кетті", деп мәлімдеді.

Мәскеу болса, Сириядағы операция террористік топтарға қарсы бағытталған деген ұстанымынан қайтпайды. Ал АҚШ және оның одақтастары Ресейдің шабуылынан Сирия оппозициясының зардап шегіп жатқанын айтады. Алеппоға жасалған шабуылдың нәтижесінен он мыңдаған адам Түркия шекарасына қарай босып кетті.

XS
SM
MD
LG