Ссылки доступа

Бурылдағы жағдай тұрақталды 


Бала өлімінен кейін халық толқуы болған Жамбыл облысының Бурыл ауылындағы полиция қоршауы алынды.

Қазір ауылға кіріп-шығу еркін, бірақ тәртіп сақшылары Бурылға келгендердің құжаттарын тексеруде. Көшені полиция қызметкерлері күзетуде.

Күдіктінің отбасы тұрған үй қазір бос. Үйдің терезелері сынған, қоршаулары бүлінген. Үйді өртеп жібере ме деген қауіппен оны да полицейлер күзетуде.

Тараздың іргесіндегі Бурылда 15 ақпан күні кішкентай қазақ баласын оның ауылдасы, түрік азаматы өлтірді деген күдіктен соң халық толқуы болған еді. Ауыл тұрғындары кінәліні жазалауды талап етті. Сәрсенбіде қоғамдық тәртіпті бұзды деген күдікпен қамауға алынған бірнеше адамды босатуды талап еткен наразылық шарасы болды.

Дүрбелең туғаннан бастап, жергілікті билік пен полиция өкілдері қылмыстың тұрмыстық қатарға жататынын, "марқұмның отбасының мүлкін тонау үшін" жасалғанын мәлімдеді. Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін Астанада Бурылдағы жағдайдың "дұрысталғанын", күдіктінің қамауда екенін және тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG