Ссылки доступа

Ташкентте салафиттерді соттауда


Ташкент қалалық соты салафизм үшін айыпталған 4 азаматтың қылмыстық ісін қарауда

Айыптау қорытындысы бойынша, сотталушылар Өзбекстанның Қылмыстық кодексінің 216 («заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға азғыру») және 244-3 («діни мазмұндағы әдебиеттерді заңсыз дайындау, сақтау, елге әкелу немесе тарату») баптарымен кінәлі танылған.

Айыптау қорытындысында сот орындығындағы жас жігіттердің тыйым салынған «Салафия» діни ағымының мүшелері есебінде, «қылмыстық келісімге барып, қоғамда осы ағымның идеялары мен діни фундаментализм қағидаларын насихаттаумен айналысқаны, қоғамдық орындарда, кафе және басқа орындарда азаматтарға өз көзқарастарын таңуға тырысқандары» туралы жазылған.

Алайда сотталушылардың адвокаттары тергеу мен сот кезінде сотталушылардың құқықтары мен мүдделері аяқасты етілгенін айтады. Атап айтқанда, алдын-ала тергеу кезінде оларды қорғаушы шақыру құқығынан айырған, ал 20 шілдеде ресми түрде қамауға алған күннен бастап, жігіттерді екі апта бойы тергеу оқшаулағышында заңсыз ұстаған.

Сотталушылардың айыбы дәлелденді теп танылса, олар 10 жылдан 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG