Ссылки доступа

Иранға Су-30 жойғыш ұшақтарын сату БҰҰ эмбаргосын бұзу болады


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонер Ресей Иранға Су-30 ұшақтарын сату үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мақұлдауын алуы керек деп мәлімдеді.

Бұл ұшақтар америкалық F-15E жойғыш-бомбалаушы ұшақтарының баламасы боп саналады.

Тонердің айтуынша, Вашингтон бұл мәселені Мәскеумен талқылағысы келеді және Иранмен ядролық келісім жүргізген төрт ел әскери техника саудасына қатысты "үлкен шектеулер бар екені туралы толық ақпарат" алулары тиіс.

Келісім бойынша Иранға қару сатуға әлі 5 жылға тыйым салынған.

Ресей президенті Владимир Путин Иран қорғаныс министрі Хоссейн Дехганмен кездесуінде екі елдің арасындағы әскери-техникалық әріптестік туралы әңгімелескен.

Иран әскерилері ресейлік С-400 "Триумф" зенитті зымыран жүйесін (ЗЗЖ), Су-30СМ көпмақсатты жойғыш ұшақтарын, тағы басқа қару мен әскери техника түрін сатып алғысы келеді. Иран әскерилерін "Бастион" жағалық зымыран кешендері, Як-130 оқу-жауынгерлік ұшақтары, тікұшақтар, "фрегат" санатындағы кемелер мен атомдық емес сүңгуір қайықтар да қызықтырады.

XS
SM
MD
LG