Ссылки доступа

Тәжікстанда ИШИМ туын ілгендер жазаланды


Тәжікстанның Хатлон облыстық соты Нүрек қаласында "Ислам мемлекетінің" туын тіккен осы террорлық ұйымның бір топ жақтаушысына қатысты үкім шығарды.

Барлық 13 сотталушы Тәжікстан Қылмыстық кодексінің 307 («Тәжікстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен өзгертуге жария түрде шақыру»), 307 баптың 1 тармағы («Экстремистік әрекет жасауға жария түрде шақыру») және 187 («Қылмыстық ұйым (қауым) құру) баптары бойынша айыпталып, 10-нан 25 жылға дейін сотталды. Қылмыстық істі тергеу өткен жылдың аяғында біткен еді. .

Тәжікстан ішкі істер министрлігі былтыр тамызда ИШИМ-ге адалдығын білдіру үшін, оның қара түсті туын қаланың орталығында тіккен Нүрек қаласының 13 тұрғыны ұсталғанын хабарлаған болатын.

Ұсталғандардың ең жасы 21-де, ал ең үлкені 74 жаста.

Тәжік тәртіп сақшыларының мәліметінше, Нүрек қаласының 13 тұрғыны интернет арқылы ИМ қатарындағы Юнус есімді тәжік содырымен танысып, осы террорлық ұйымға адалдықтарын білдіру үшін, қаланың орталығында ұйымның туын ілген. Ұсталғандардың бірі, Давлиё Саидов тергеу барысында Юнустың нұсқауымен Душанбеде қара мата мен ақ бояу сатып алғанын мойындады. Ол: "Юнус туды міндетті түрде іліп, оның суретін өзіне жолдауды қиылып сұрады" – дейді.

Давлиё Саидов өздерін біреудің сиқырлап тастағанындай сезінетінін айтқан.

Сотталғандардың туыстары сот үкімін әділетсіз деп санайды. Олардың пікірінше сотталғандар ИШИМ туын әдейі емес, білместіктен біреудің ықпалымен тіккен.

Бұған дейін Хатлон облысының соты ИШИМ туын ілген Шахриту ауданының жеті тұрғынын 7-ден 27 жылға дейін бас бостандықтарынан айырған еді.

XS
SM
MD
LG